Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 333.32
EUR / KZT - 392.58
CNY / KZT - 50.02
RUB / KZT - 5.64

БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі Украинада жанжалды ушықтырмауға шақырды

02 Наурыз 2014, 15:12
0
©Un.org
©Un.org
БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі Украинадағы саяси дағдарысқа байланысты тағы да шұғыл отырыс өткізді. Елдегі ахуал туралы БҰҰ Бас хатшысының бірінші орынбасары Ян Элиассон баяндады деп хабарлайды Tengrinews.kz БҰҰ Жаңалықтар орталығына сілтеме жасап.

"Жабық отырыс барысында мен сабыр сақтап, ұстамдылық танытудың, сондай-ақ Украина ішінде де, одан тыс жерде де байсалды диалогқа кірісудің маңызын атап өттім. Мен БҰҰ Бас хатшысына талқылау барысы туралы баяндаймын. Ертең Женевада Бас хатшы Роберт Серримен (БҰҰ Бас хатшысының Украина бойынша арнайы кеңесшісі) кездесіп, алдағы қадамдар жайлы талқылауды жоспарлап отыр", - деді Элиассон отырыстан соң журналистерге.

Қауіпсіздік кеңесінде Бас хатшының бірінші орынбасары Қырымнан келіп түскен хабарламаларға қарағанда, ол жақта қаруланған белгісіз адамдардың маңызды нысандарды, атап айтқанда, әуежайлар мен байланыс кәсіпорындары ғимаратын, мемлекеттік мекемелерді, оның ішінде, аймақтық парламент ғимаратын қоршап алып жатқанын айтты. Сонымен бірге ол Украинаның шығысы мен оңтүстігіндегі әкімшілік ғимараттардың да бақылауға алынғанын жеткізді.

"Қырымның жаңа премьер-министрі Сергей Аксенов бүгін Путинге мәлімдеме жасап, "Қырым Автономиялық Республикасы аумағында бейбітшілік пен тыныштықты қамтамасыз етуге көмек көрсетуді сұрады. Өз мәлімдемесінде Аксенов Қырымда қауіпсіздікті қамтамасыз етуге "уақытша негізде" жауапкершілік алатынын жариялады", - деді Элиассон. Оның айтуынша, Аксенов қауіпсіздік күштеріне Киев билігіне емес, өзіне бағыну керектігін мәлімдеген.

БҰҰ Бас хатшысының бірінші орынбасары хабарламаларға сәйкес, Қырымға қосымша ресейлік жасақтар мен бронетехникалар жеткізілгеннен кейін, сенбі күні Ресейдің Федерация кеңесі Путиннің Украина аумағында ресейлік қарулы күштерді "елде қоғамдық-саяси ахуал қалыпқа түскенше" пайдалану туралы өтінішін мақұлдағанын баяндады. Элиассонның айтуынша, Украинадан жаңа биліктің үкіметке Шығыс Украина өкілдерін қосқалы отырғаны туралы ақпарат жетті.

Қауіпсіздік кеңесінің өкілдері Украинадағы ахуалдың күрт нашарлап бара жатқанына байланысты алаңдаушылық білдірді. Бұл туралы журналистерге кеңес төрайымы, Люксембургтің БҰҰ жанындағы тұрақты өкілі Сильви Лукас айтты. "Қауіпсіздік кеңесінің мүшелері жағдайды шұғыл түрде бәсеңдету керектігін атап өтіп, тараптарды мейлінше сабырлы болуға және ахуалды ушықтыратын әрекеттер мен мәлімдемелерден аулақ болуға тағы да шақырды", - деді Лукас.

"РИА Новости"-дің мәліметінше, Қауіпсіздік кеңесінің жетекшісі Украинадағы дағдарысты реттеуге делдалдық жасауға бақылаушыларды жіберу туралы ұсыныстың да айтылғанын хабарлаған. Ян Элиассон журналистерге бұл туралы хабардар екенін білдірді. "Біз мейлінше жылдам әрекет етеміз, біз барлығы да бұл өте күрделі әрі қауіпті жағдайды жөнге салу үшін қолдан келгенін жасап бағады деп үміт күтеміз", - деді Бас хатшының бірінші орынбасары.

Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай