27 тамыз 2018 | 16:50

БҰҰ Мьянма билігін рохинджа геноциді үшін жазалауды талап етті

Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

©REUTERS ©REUTERS

Рахкайн штатындағы геноцидке Мьянма армиясының жоғары билігін, оның ішінде генерал Минг Аун Хлинді соттауға болатындай мәлімет жетерлік. Бұл туралы БҰҰ-ның тәуелсіз халықаралық миссиясының Мьянма туралы баяндамасында айтылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап


Иконка комментария блок соц сети

Рахкайн штатындағы геноцидке Мьянма армиясының жоғары билігін, оның ішінде генерал Минг Аун Хлинді соттауға болатындай мәлімет жетерлік. Бұл туралы БҰҰ-ның тәуелсіз халықаралық миссиясының Мьянма туралы баяндамасында айтылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап

Құжат 18 қыркүйекте Женевада БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі кеңесінің кезекті отырысында ресми түрде ұсынылады. Баяндама авторлары Мьянмаға жіберілмеді, олар зерттеуін құрбандар мен куәгерлерден алынған сұхбаттар және спутниктік суреттер мен видеолар арқылы жүргізді. Жұмыс барысында сарапшылар Бангладеш, Индонезия, Малайзия, Таиланд және Ұлыбританияға барды.

Мьянмадағы тергеу миссиясының өкілдерінің айтуынша, мемлекет армиясының жоғары басшылығы гоноцид жүргізген. Олар адамгершіліктен аттап, Ракхайн, Качин және Шан штаттарында әскери қылмыс жасаған. 

Сонымен қатар, құжатта Ракхайн штатында адамзатқа қарсы қылмыс элементтері байқалды деп көрсетілген. Ал 2017 жылы 25 тамыздағы оқиғадан кейін рохинджа халқы өкілдерінің жаппай көшіп-қонуы бір реттік операциядан емес, биліктің әдейі жүргізген саясаты әсерінен болды делінген миссияда. 

"Мьянма қарулы күштерінің әдісі әрдайым жалғасып отырған және үйлесімсіз, ол әсіресе Рахин штатында, сонымен қатар солтүстік Мьянмада байқалады. Олардың адам өміріне, қадір-қасиеті мен еркіндігіне және тұтастай алғанда халықаралық құқыққа деген жек көрушілігі барлық халықтың алаңдаушылығын тудырады", - делінген құжатта.

"Ракхайн штатында жасалған қылмыс пен іс-әрекеттер геноцид тудыру ниетіне ұқсайды", - деп жазылған баяндамада.

Сонымен қатар, миссия өкілдері қылмыс жасаған күдіктілердің тізімін берді. Оның қатарында Мьянма әскерінің бас қолбасшысы генерал Мин Аунг Хлайн және басқа бес қолбасшы бар. Есімдерінің толық тізімі Біріккен Ұлттар Ұйымының Адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы комиссары басқармасында және оны кез келген "құзыретті және сенімді" сот органына беруге болады.

Миссия Мьянмадағы жағдай тергеуін Халықаралық қылмыстық сотқа жіберуді немесе жеке халықаралық қылмыстық трибунал құруды ұсынды. Осы уақытқа дейін сарапшылар қылмыс жасаған негізгі жауапты адамға жеке санкциялар енгізуді ұсынады.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети