11 сәуір 2022 08:57

БҰҰ өкілдері Украинадан кеткен босқындар санын айтты

Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©REUTERS Фото ©REUTERS

БҰҰ өкілдері Украинадан кеткен босқындар саны 4,5 миллион адам болғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі БҰҰ БЖКБ сайтына сілтеме жасап. 


БҰҰ өкілдері Украинадан кеткен босқындар саны 4,5 миллион адам болғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі БҰҰ БЖКБ сайтына сілтеме жасап. 

БҰҰ Босқындар істері жөніндегі Жоғарғы комиссарының басқармасы (БҰҰ БЖКБ) 24 ақпаннан бастап 4 503 954 босқын Украинаның көрші елдермен шекарасынан өткенін мәлімдеді.

©REUTERS 

Польша шекарасынан - 2 593 902, Румыния - 686 232, Венгрия - 419 101, Молдова - 410 882, Ресей - 404 418, Словакия - 314 485 және Беларусь шекарасын 19 096 босқын кесіп өтті.

Бұдан бөлек, БҰҰ БЖКБ өкілі 18-23 ақпан аралығында Ресейге Украинаның Донецк және Луганск облыстарынан 113 мың адам келгенін айтты.

©REUTERS

БҰҰ босқындардың бір бөлігі Еуропа Одағының басқа елдеріне, мысалы, Италия, Германия, Франция, Чехияға кетіп жатқанын атап өтті. Кейбірі АҚШ, Ұлыбритания және Аустралияға барады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.41   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети