БҰҰ-ның Ауғанстандағы адам құқықтары жөніндегі өкілі "Талибан" қозғалысының (Қазақстанда тыйым салынған ұйым) билігін әйелдерге қатысты күшейіп келе жатқан шектеулерді алып тастауға шақырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Біріккен Ұлттар Ұйымының Ауғанстандағы адам құқықтары жөніндегі арнайы өкілі Ричард Беннетт елдің адам құқықтары бойынша күрделі проблемалармен бетпе-бет келгенін айтып, діни шабуылдарды тергеуге шақырды.
Беннетт, сонымен қатар, Талибан мектепке баруға тыйым салғаннан кейінгі қыздардың өміріне алаңдаушылық білдірді.
Сонымен қатар, Беннетт Ауғанстандағы әйелдерге міндетті саналған хиджаб туралы бұйрықты да сөз етті. Хиджаб кию ережесін сақтамаған әйелдің ер қамқоршылары, әкесі немесе күйеуі айыппұл төлейді деген заңға қарсылық білдірді. Оның пікірінше, бұл ауған әйелдерінің құқықтарын толығымен бұзады және олардың қоғамдағы мүмкіндіктерін төмендетеді.
"Мен билікті адам құқықтары саласындағы мәселелерді мойындауға және олардың сөздері мен істерінің арасындағы алшақтықты жоюға шақырамын", - деді ол.
Талибан өкілі Инамулла Самангани адам құқықтарына қатысты алаңдаушылықты жоққа шығарып, билік бұл мәселені назарға алғанын және қыздардың орта білім алуына жұмыс істеп жатқанын айтты.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!