БҰҰ тәліптерді жоғалған журналистер туралы ақпарат беруге шақырды

Жансая Қадыржанова
Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

БҰҰ тәліптерді жоғалған журналистер туралы ақпарат беруге шақырды Фото ©REUTERS

БҰҰ-ның Ауғанстандағы өкілі (UNAMA) "Талибан" қозғалысының (Қазақстанда бұл қозғалысқа тыйым салынған) әкімшілігін із-түзсіз жоғалған екі журналистің ұсталғаны туралы ақпарат беруге шақырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters агенттігіне сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

БҰҰ-ның Ауғанстандағы өкілі (UNAMA) "Талибан" қозғалысының (Қазақстанда бұл қозғалысқа тыйым салынған) әкімшілігін із-түзсіз жоғалған екі журналистің ұсталғаны туралы ақпарат беруге шақырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters агенттігіне сілтеме жасап. 

Талибан әкімшілігінің баспасөз хатшысы Билал Карими журналистердің жоғалғаны туралы істі тексеріліп жатқанын айтып, олардың ұсталғанын жоққа шығарды.

"БҰҰ "Талибан" қозғалысын журналистерді ұстау себептерін жариялауға және ауғандардың құқықтарын сақтауға шақырады", - деп жазды UNAMA Twitter-де.

Жергілікті Ariana News теле-радиокомпаниясының басшысы Али Асгаридің айтуынша, оның жаңалықтар қызметінің екі журналисі 1 ақпанда жоғалып кеткен. Бірақ қылмыскерлердің кім екені  анықталмаған. Сондай-ақ, БҰҰ-ның адам құқықтары жөніндегі өкілі Равина Шамдасани Женевада брифинг өткізіп, өткен айда болған әйелдер құқығын қорғау шеруіне байланысты алты адамның жоғалып кеткеніне алаңдаушылық білдірді.

"Олардың жай-күйі мен қауіпсіздігіне қатты алаңдаймыз. Бұл хабарлама себепсіз тұтқындау мен қамауға алу үлгісіне ұқсайды", - деді ол.

 Ал Талибан әкімшілігінің баспасөз хатшысы Забихулла Муджахид БҰҰ өкілінің пікірін жоққа шығарып, жоғалған әйелдерге қатысты іс тексеріліп жатқанын айтты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети