04 сәуір 2016 | 12:17

БҰҰ: Таулы Қарабақтағы атыстардан 33 адам қаза тапты және 200 адам жарақат алды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Асатур Есаянц\РИА Новости © Асатур Есаянц\РИА Новости

БҰҰ Басқармасының мәліметтеріне сәйкес, Таулы Қарабақтағы атыстардан 33 адам қаза тапты және 200 адам жарақат алды, - деп хабарлайды Trend.az.


Иконка комментария блок соц сети

БҰҰ Басқармасының мәліметтеріне сәйкес, Таулы Қарабақтағы атыстардан 33 адам қаза тапты және 200 адам жарақат алды, - деп хабарлайды Trend.az.

"Әзірбайжан мен Арменияның ресми дереккөзіне сәйкес, кем дегенде 30 сарбаз және үш бейбіт тұрғын қарулы қақтығыстардан қаза болған. Ал зардап шеккендердің нақты саны әзірще расталмады. Бейресми дереккөздерге қарағанда, 200 адам жарақат алған", - делінген БҰҰ есебінде.

Айта кетейік, 1 сәуірден бастап Қарабақ қақтығысының аймағында атыстар басталған еді. Әзірбайжан мен Армения бір-бірін тату бітімді бұзды деп айыптады.

Қазақстан СІМ Таулы Карабақ аумағындағы жағдайға қатысты мәлімдеме жасан болатын. "Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Таулы Карабаққа қатысты жағдайды мұқият бақылауда. Жанжал аумағында оқ атуды тоқтату тәртібінің бұзылуына және адамдардың қаза болуына қатты алаңдаушылық білдіреміз. Тараптарды ұстамдылық танытуға және оқ атуды тоқтату туралы уағдаластықтарды қатаң ұстануға шақырамыз", - делінген министрлік өкілдерінің мәлімдемесінде.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети