Дональд Трамп сенатор Боб Коркердің АҚШ-тың қазіргі президентінің саясаты үшінші дүниежүзілік соғысқа түрткі болады деген сөзіне жауап айтты, - деп хабарлайды РИА Новости.
Дональд Трамп сенатор Боб Коркердің АҚШ-тың қазіргі президентінің саясаты үшінші дүниежүзілік соғысқа түрткі болады деген сөзіне жауап айтты, - деп хабарлайды РИА Новости.
Мұның алдында республикашыл сенатор New York Times басылымына берген сұхбатында Трамп жұмысқа реалити шоу сияқты қарайды деп мәлімдеген еді. Ал твиттердегі жазбалары арқылы АҚШ-тың халықаралық аренадағы беделіне талай нұқсан келтірді және осындай әрекеттері арқылы үшінші дүниежүзілік соғысқа түрткі болады деген.
Бұған Трамп АҚШ-тың өзіне дейінгі басшылары соңғы 25 жылда Құрама Штаттарды бұрын болмаған үлкен қиындықтарға жетелегенін, ал ол дұрыс жол таңдағанын айтып жауап берді.
"Маған сеніңіздер, қазір біз дұрыс жолдамыз", - дейді Трамп.