Демократиялық партия атынан АҚШ президенттігіне үміткер Джо Байден сайлауда өзінің жеңісін жариялауға әлі дайын емес екенін айтты, бірақ ол жеңетінін түсініп отыр, - деп хабарлайды РИА Новости.
Демократиялық партия атынан АҚШ президенттігіне үміткер Джо Байден сайлауда өзінің жеңісін жариялауға әлі дайын емес екенін айтты, бірақ ол жеңетінін түсініп отыр, - деп хабарлайды РИА Новости.
Айтуынша, ол президент болып сайлануға қажетті 270 сайлаушының 300-ден аса дауысын жинай алды.
"Әлі жеңісті жариялауға дайын емеспіз, бірақ көрсеткіштер біздің бұл жарыста жеңіске жететінімізді айтып тұр", - деді ол өз жақтастарының алдында.
"Біз Аризонада жеңіп жатырмыз, Невадада да. Біздің Невададағы артықшылығымыз екі еселенді. Біз 300-ден аса дауыспен жеңуге дайындалып жатырмыз", - деді үміткер.
Байден бұл сайлауда оны 74 миллионнан аса америкалық қолдағанын атап өтті. Бұл - "Америка Құрама Штаттары тарихындағы президенттердің кез келгеніне" берілген дауыстан көп.
Джо Байден жақтастарын дауыстарды санау процесі жүріп жатқанда сабыр мен шыдамдық танытуға шақырды.
Оның айтуынша, америкалықтар қарсыласты жау көрмей, бәрі Америка азаматы екенін ұмытпауы керек. "Бізде келіспеушіліктер болуы мүмкін және бұл жақсы", - деді Байден оны қолдағандардың да, қарсы дауыс бергендердің де мүддесі үшін жұмыс істейтінін баса айтып.
Демократиялық партия өкілі Дональд Трамп талап еткендей, президенттік сайлауда дауыстарды санауды тоқтата тұруға мүмкіндік бермейтінін айтты.
"Сіздер берген дауыс есептеледі. Кім де кім санауды тоқтатуға тырысып жатса да маған бәрібір. Мен бұған жол бермеймін", - деді Байден.
"Біз қарсылас бола аламыз, бірақ біз жау емеспіз, бәріміз америкалықпыз", - деп толықтырды ол.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!