Ресей президенті Владимир Путин террористік топтар Ауғанстанда Батыс қалдырған хаосты пайдаланып, республикамен көршілес мемлекеттерге кіруге тырысуы мүмкін деген болжам жасады. Көрші ел президентінің айтуынша, бұл Ресей мен оның одақтастарына тікелей қауіп төндіреді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Россия-24" телеарнасына сілтеме жасап.
Ресей президенті Владимир Путин террористік топтар Ауғанстанда Батыс қалдырған хаосты пайдаланып, республикамен көршілес мемлекеттерге кіруге тырысуы мүмкін деген болжам жасады. Көрші ел президентінің айтуынша, бұл Ресей мен оның одақтастарына тікелей қауіп төндіреді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Россия-24" телеарнасына сілтеме жасап.
"Ауғанстаннан пана тапқан түрлі топтардың террористері біздің Батыс әріптестеріміз осы елде қалдырған хаосты пайдаланып, көрші мемлекеттерде тікелей эскалацияны бастауға тырысады, бұл біздің елімізге, одақтастарымызға тікелей қауіп төндіреді. Есірткі трафигінің ықтимал өсуі сияқты, заңсыз көші-қон проблемасының шиеленісуі біз үшін қауіп", - деді Путин 24 тамызда "Единая Россия" конгресінде сөйлеген сөзінде.
Ресей басшысының айтуынша, Мәскеу Ауғанстандағы жағдайды мұқият қадағалап отырады, бірақ қарулы қақтығысқа қатыспайды.
"Біз жағдайды мұқият қадағалаймыз, ҰҚШҰ бойынша одақтастарымызбен белсенді өзара іс-қимыл жасаймыз. Әрине, біз Ауғанстанның ішкі істеріне араласпаймыз, әсіресе Қарулы Күштерімізді "бәріне қарсы" қақтығысқа тартқымыз келмейді, менің ойымша, бұл елде ондаған жыл бойы жалғасып келе жатқан қақтығыс болып та жатыр", - деді Путин.
Ауғанстандағы жағдай аясында президент барлық бағыт бойынша Ресейдегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету жұмыстарын күшейтуді тапсырды.
"Мен үкіметтен, СІМ-нен, күш құрылымдарынан парламентарийлермен бірлесіп, ел мен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудің барлық негізгі бағыты бойынша жұмысты күшейтуді сұраймын", - деді Путин.
Айта кетейік, 15 тамызда "Талибан" қозғалысының содырлары (Жоғарғы сот шешімі бойынша Қазақстанда тыйым салынған) Ауғанстан астанасы Кабулға кіріп, президент сарайын басып алды. Олар іс жүзінде Ауғанстан Ислам Әмірлігі құрылғанын жариялап, елдегі билікті басып алды. Ауғанстан президенті Ашраф Ғани елден кетті.
Бұған дейін "Талибан" қозғалысының өкілі Сухейл Шахин 31 тамыз - АҚШ әскерін елден шығару бойынша соңғы күн екенін мәлімдеген болатын.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!