Француздың Charlie Hebdo деп аталатын сатиралық журналы өз сайтында Брюссельде 22 наурызда болған террорлық актілерге қатысты карикатураны жария етті.
Француздың Charlie Hebdo деп аталатын сатиралық журналы өз сайтында Брюссельде 22 наурызда болған террорлық актілерге қатысты карикатураны жария етті.
Сурет видеобақылау камерасына түсірілген кадрларды қайталайды, онда үш күдікті бейнеленген. Суретте ер адамдар жүк артылған арбаларды итеріп келе жатыр да, лаңкестің соңғы сөз делініп, былай мәтін жазылған: "Сен терезе алдында ма әлде өткелде ме?".
Айта кетейік, Брюссельдегі жарылыс болар алдында Charlie Hebdo еуропалық астаналардың аты жазылған айналмалы дөңгелектің суретін салған еді. Бағдар "Париж" секторында тоқтаған, бірақ суреттегі әйел дөңгелекті айналдырғалы тұрады. Келесі секторлар Лондон, Афина, Вена, Лиссабон, Амстердам, Мадрид, Рим және Берлин. Карикатураға "Теракт қатері: мүмкіндік бүкіл елде бар" деп сипаттама жазылған.
Еске салайық, 22 наурызда таңғы уақытта Брюссель халықаралық әуежайында екі бірдей жарылыс болған еді. Ел билігі оған бірнеше өлімші лаңкестің қатысы бар деп есептейді. RTBF телерадиокомпаниясының мәліметінше, екі адамның аты-жөні анықталды. Олар - ағайынды Ибрагим және Калид Бакрауилер. Соңғысы, RTBF мәліметінше, жалған құжатпен Брюссельдегі Форе коммунасында баспана жалдап тұрған, бұл тұрғын үйде 18 наурызда полиция Париждегі теракт бойынша басты күдікті Салах Абдесламды ұстаған еді. Сейсенбі күні Брюссельдегі "Мальбек" метро станциясының вагонында үшінші жарылыс болды. Бұл шабуылды ДАИШ өз жауапкершілігіне алды.