28 қазан 2020 08:59

Charlie Hebdo Ердоғанның карикатурасын салды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©Reuters Фото ©Reuters

Франциялық Charlie Hebdo сатира журналы мұқабасында Түркия президенті Режеп Тайип Ердоғанның карикатурасын салып шығармақ. Басылым мұқабасын Twitter желісіндегі парақшасында жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі 360tv.ru-ға сілтеме жасап.

Карикатурада Түркия президенті орындықта отыр және бір қолында сусын бар. Екінші қолымен үй қызметшісінің көйлегін көтеріп жатыр. Суреттің астында: "Ердоған жеке өмірінде ойнақы" деп жазылған.

Журналдың жаңа саны сатылымға сәрсенбіде, 28 қазанда шығады.

Еске салайық, Түркия мен Франция арасындағы қатынас 18 жастағы жігіт өз мұғалімі Самюэль Патиді өлтіргеннен кейін ушықты. Жігітке мұғалімнің сабақта Мұхаммед пайғамбардың карикатурасын көрсетіп, сөз бостандығы туралы айтқаны ұнамаған. Кейінірек Түркия мұғалім өліміне қатысты өз позициясын айтқан.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети