06 қараша 2015 | 10:12

Charlie Hebdo Мысырдағы А321 ұшағының апатын күлкіге айналдырды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет Tengrinews.kz мұрағатынан алынған Сурет Tengrinews.kz мұрағатынан алынған

Францияның атышулы сатиралық Charlie Hebdo журналы Мысырда апатқа ұшыраған "Когалымавиа" компаниясының Airbus A321ұшағына карикатура жариялап, апатты қалжыңға айналдырды, - деп хабарлайды РЕН ТВ.


Иконка комментария блок соц сети

Францияның атышулы сатиралық Charlie Hebdo журналы Мысырда апатқа ұшыраған "Когалымавиа" компаниясының Airbus A321ұшағына карикатура жариялап, апатты қалжыңға айналдырды, - деп хабарлайды РЕН ТВ.

Журнал бірінші суретке лаңкестің басына қарай ұшып келе жатқан лайнердің бөлшектерін салған. Сонымен қатар, мынадай жазбасы бар: "Ресей авиациясы бомбалауын күшейтті". Екінші карикатурада бассүйек бейнеленген, ол ұшақ бөлшектерінің арасында ұшып келе жатыр, мағынасы ресейлік тасымалдаушылар қауіпті және Air cocaine-мен ұшу керек еді дегенді білдіреді. Бұл жерде Саркози мен кокаин контрабандасына қатысты жалжалға тұспал жасалған.

Журналда жарияланған қалжыңда ДАИШ лаңкестері үшін ресейлік лайнерді ұшырып түсіріп, "224 порция тегін тамаққа қол жеткізетін жалғыз мүмкіндік" болды делінген.

Еске сала кетейік, әуе апаты 2015 жылдың 31 қазанында таңғы уақытта болды. Ұшақ бортында 217 жолаушы мен экипаждың 7 мүшесі болған. Болжам бойынша, апаттан тірі қалғандар жоқ.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети