Charlie Hebdo Париждегі терактілерге байланысты карикатура жариялады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Charlie Hebdo Париждегі терактілерге байланысты карикатура жариялады

Француздың атышулы Charlie Hebdo сатиралық журналы Париждегі теракт жөнінде карикатура жарияланған жаңа номер шығарды. Сурет журналдың ресми сайтында жарияланды.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Француздың атышулы Charlie Hebdo сатиралық журналы Париждегі теракт жөнінде карикатура жарияланған жаңа номер шығарды. Сурет журналдың ресми сайтында жарияланды.

Карикатураның астында "Француздар қалыпты өмірге оралып жатыр" деп жазылған. Суретте мұрты бар аруақ бейнеленген. Аруақтың қолына багет ұстатып, басына берет кигізіп қойған. Оның париждіктерге ұқсатып салынғаны көрініп тұр.

Еске сала кетейік, 14 қарашаға қараған түні Парижде белгісіз біреулер ең алдымен қаладағы мейрамханалардың біріне шабуыл жасады. Сонымен қатар, Франция-Германия матчы өтіп жатқан "Стад де Франс" стадионының маңынан да жарылыстың дыбысы естілді. Лаңкестер "Батаклан" театрында адамдарды кепілге алды. Соңғы дерек бойынша, 129 адам қаза тауып, 300 адам жарақаттанды. Жеті лаңкестің көзі жойылды. Полиция қылмысқа қатысы барлар мен ұйымдастырушыларды іздестіріп жатыр.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети