Charlie Hebdo ресейлік Ту-154 апаты жайлы карикатура жариялады

Французды? атышулы сатира журналы Charlie Hebdo ?з сайтында ресейлік Ту-154 апаты жайлы карикатура жариялады. ?ша? бортында Александров атында?ы ансамбльді? ?ртістері бол?ан еді.

Француздың атышулы сатира журналы Charlie Hebdo өз сайтында ресейлік Ту-154 апаты жайлы карикатура жариялады. Ұшақ бортында Александров атындағы ансамбльдің әртістері болған еді.

Суретте құлап бара жатқан ұшақ және оның ішіндегі "а-а-а-а" деп тұрған әскери бар.

"Әскери хордың репертуары кеңейіп жатыр", - делінген карикатурадағы жазбада.

Реклама
Реклама

Еске салайық, РФ Қорғаныс министрлігінің ұшағы жексенбіде, 25 желтоқсанда таңғы уақытта апатқа ұшыраған болатын. Лайнердің бортында 92 адам болған. Олардың ішінде, Александров атындағы ансамбльдің 68 музыканты, БАҚ-тардың 9 өкілі ("Звезда" телеарнасы, НТВ және Первый канал), алып келе жатқан 6 адам және экипаждың 8 мүшесі бар.

РИА Новости мәліметінше, Ту-154 ұшып шыққаннан кейін жеті минут өткенде апатқа ұшыраған. Ұшақ Қара теңіздің Анапа жағалауына жақын маңда құлаған. Лайнердің қирандысы бір жарым шақырымға шашылған, олар 50-100 метр тереңдікте. Осыған байланысты 26 желтоқсан - Ресейде жалпыұлттық қаралы күн болып жарияланды.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама