Чехия президенті ауруханадан шығарылды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Чехия президенті ауруханадан шығарылды Фото: hrad.cz

Чехия президенті Милош Земан бір апта емделіп, ауруханадан шығарылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters агенттігіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Чехия президенті Милош Земан бір апта емделіп, ауруханадан шығарылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters агенттігіне сілтеме жасап.

Президент өкілі Милош Земан Прагадағы Орталық әскери университет госпиталінен шығып, медициналық тексеруден өткенін айтты. Ол президенттің жағдайы мен емделуіне қатысты сұрақтарға жауап бермеді.

Сонымен қатар, ол Земанның алдағы күндерге арналған жұмыс бағдарламасы туралы айтты. Чехия басшысы премьер-министрдің орынбасары, қаржы министрімен кездеседі, сондай-ақ Бостандық және тікелей демократия қозғалысының жетекшісі Томио Окамурамен келіссөздер жүргізеді.

76 жастағы Земан ауруханаға 14 қыркүйекте түскен. Кейін саясаткер шамалы шаршау және ағзадағы су мөлшерінің төмендеуіне байланысты ауруханаға жатқызылғаны белгілі болды.

Милош Земан - чех мемлекеттік және саяси қайраткері, 2013 жылдың 8 наурызынан бастап Чехияның қазіргі президенті. 1993 жылдан 2001 жылға дейін чех социал-демократиялық партиясын басқарған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети