Чехияда оқ-дәрі өндіретін зауытта жарылыс болды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото:depositphotos.com / Фото автора zabroda Фото:depositphotos.com / Фото автора zabroda

Сейсенбі, 25 наурызда Прагадан шығысқа қарай 135 шақырым жердегі Поличка қаласы маңында орналасқан металл өңдеу және оқ-дәрі шығаратын зауыт қоймасында жарылыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі DW дерегіне сүйеніп.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Сейсенбі, 25 наурызда Прагадан шығысқа қарай 135 шақырым жердегі Поличка қаласы маңында орналасқан металл өңдеу және оқ-дәрі шығаратын зауыт қоймасында жарылыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі DW дерегіне сүйеніп.

Жарылыс салдарынан кемінде бір адам ауыр жарақат алып, тікұшақпен ауруханаға жеткізілгені туралы құтқару қызметтері хабарлады.

"Полиция оқиға орнын қоршауға алып, көшелерді жауып тастады, зауыт қызметкерлерінің барлығы эвакуацияланды", – делінген хабарламада.

Компания өкілі алдын ала мәліметтерге сүйене отырып, жарылыстың ең ықтимал себебі өндіріс процесіндегі техникалық қателік екенін айтты.

БАҚ мәліметтері бойынша, жарылыс STV Invest холдингінің қоймасында болған, онда тротил (тринитротолуол, ТНТ) сақталған. Поличка маңындағы бұл зауытта, сонымен қатар, артиллериялық оқ-дәрілер шығарылады.

Бұдан бөлек, компания ескі жаяу әскерге арналған ұрыс машиналарын, танктерді жөндеумен және жаңғыртумен айналысады, ал азаматтық секторда автобустарға арналған есік жүйелерін өндіруге маманданған.

БАҚ бұл жарылыстың қандай да бір саяси астары бары туралы ақпараттың әзірге жоқ екенін атап өтті.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 502.8  course up  547.58  course up  5.95  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro