Черногория коронавирусты жеңгенін мәлімдеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Черногория коронавирусты жеңгенін мәлімдеді ©pixabay.com

Черногорияда 20 күн бойы коронавирус жұқтырған адам тіркелген жоқ. Сонымен қатар, бұл COVID-19-дан барлық науқас сауығып шыққан Еуропадағы алғашқы ел, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Черногорияда 20 күн бойы коронавирус жұқтырған адам тіркелген жоқ. Сонымен қатар, бұл COVID-19-дан барлық науқас сауығып шыққан Еуропадағы алғашқы ел, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы Черногорияның Қоғамдық денсаулық сақтау институты Twitter-де хабарлады.

"Ресми: қазіргі уақытта Черногорияда COVID-19 белсенді жағдайлары жоқ. Алғашқы тіркелген оқиғадан кейін 68 күн өткен соң Черногорияда қазіргі уақытта коронавирус жұқтырған науқастар жоқ", - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, жақында зертханада елдегі соңғы 140 талдау үлгісі аяқталды, олардың арасында бір де бір жағдай анықталған жоқ.

"Сонымен қатар, соңғы адамның жағдайы толық сауығу өлшемдеріне сәйкес келді", – деді ведомство өкілі және халыққа "табандылық пен қолдау" көрсеткені үшін алғыс айтты.

Еске салайық, 630 мың адам халқы бар Черногория - коронавирус тараған соңғы еуропалық ел. Алғашқы оқиға 17 наурызда тіркелген. Эпидемия басталғалы бері жалпы пациенттердің саны 324 болған. Оның 315-і сауығып, тоғыз адам көз жұмды.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети