14 тамыз 2022 10:23

Черногория тұрғыны өз отбасы мен өтіп бара жатқан адамдарды атып тастады: 11 адам қаза тауып, 6 адам зардап шекті

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Reuters Фото: Reuters

Жұма күні Черногорияда болған жаппай атыстан 11 адам, оның ішінде екі бала қаза тауып, тағы алтауы жараланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters агенттігіне сілтеме жасап.


Жұма күні Черногорияда болған жаппай атыстан 11 адам, оның ішінде екі бала қаза тауып, тағы алтауы жараланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters агенттігіне сілтеме жасап.

Қайғылы оқиға жергілікті уақыт бойынша сағат 16.00 шамасында болған, 34 жастағы ер адам алдымен аңшы мылтығымен екі баланы өлтіріп, әйелін жаралаған, содан кейін көшеде келе жатқан адамдарға оқ атқан. Әйел кейінірек ауруханада көз жұмды. Шабуылдаушы жедел жәрдем көлігін жаралыларға жақындатпай, тәртіп сақшыларына оқ жаудырғаннан кейін полиция оны өлтірген.

Черногория полициясының басшысы Зоран Брянин отбасы атыс болған үйде пәтер жалдап тұрғанын, атыс себебі әзірге белгісіз екенін айтып, оқ атқан адам туралы нақты ақпарат бермеді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 451.08   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети