07 қыркүйек 2020 16:41

Черногорияда парламент сайлауынан кейін жаппай наразылық басталды

Дәурен Ерболат Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

Черногорияда парламент сайлауынан кейін жаппай наразылық басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі DW сайтына сілтеме жасап.


Черногорияда парламент сайлауынан кейін жаппай наразылық басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі DW сайтына сілтеме жасап.

Дереккөз мәліметінше, 6 қыркүйекте кешке Подгорица және Черногорияның басқа қалаларында ондаған мың адам көшеге шыққан. Олардың сайлау нәтижесіне көңілі толмаған. Сайлау осыдан бір апта бұрын өтіпті. Алдын ала мәліметтер бойынша, 3 оппозициялық және просербиялық одақтар 81 мандаттың 41-ін алған.

"Бізге четниктердің "еркіндігі" жеткілікті", - дейді наразылық шарасына қатысқан журналист.

Екінші дүниежүзілік соғыста сербиялық партизандар мен ХХ ғасырдың 90-жылдарының ортасында Югославиядағы қарулы қақтығыстарға қатысқан серб ұлтшылдары өздерін "четниктер" деп атапты. 

Сайлаудың қорытындысы бойынша оппозиция елдегі саяси жағдай тұрақталғанға дейін сарапшылар үкіметін яғни істерді жүргізу үшін өтпелі кабинет құрғысы келетінін мәлімдеді.

Оппозиционерлер Черногория президенті Мило Джукановичтің биліктен кетуін талап етіп отыр. Ол 1991 жылдан Югославия құрамында және тәуелсіз Черногорияда жоғары басшылық қызметтерді атқарып келеді. Олар Мило Джукановичті сыбайлас жемқорлық деректеріне, мафиямен байланысы бар және билікті сынағандарға шабуыл жасады деп айыптайды.

Черногориядағы парламенттік сайлау 30 тамызда өтті. Оған халықтың 75,9 пайызы қатысты. Бұл рекордтық көрсеткіш болып саналады. Орталық сайлау комиссиясының мәліметінше, Джукановичтің төрағалығындағы Черногория социалистерінің демократиялық партиясы 35,06 пайыз дауыс жинаған. "За будущее Черногории" оппозициялық блогы - 32,55 пайыз, "Мир - наша нация" блогы - 12,53 пайыз, "Черное на белое" блогы - 5,53 пайыз, "Черногорияның Социал-демократтары партиясы" - 4,1 пайыз, "Черногорияның Бошняц партиясы" - 3,98 пайыз, "Черногорияның Социал-демократиялық партиясы" - 3,14 пайыз.

Айта кетейік, Черногорияның Скупщина парламенті (бірпалаталы парламент) 81 депутаттан тұрады. Олар партиялық тізім бойынша 4 жыл мерзімге тікелей жасырын дауыс беру арқылы сайланады.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети