Чили тұрғындарына зейнетақы жинағынан ақша алуға рұқсат берілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Чили тұрғындарына зейнетақы жинағынан ақша алуға рұқсат берілді Фото: ©REUTERS

Чили парламенті елдегі тұрғындардың 10 пайызына зейнетақы жинағынан ақша алуға рұқсат берді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters агенттігіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Чили парламенті елдегі тұрғындардың 10 пайызына зейнетақы жинағынан ақша алуға рұқсат берді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters агенттігіне сілтеме жасап.

Чилидің ұлттық конгресі елдегі тұрғындардың 10 пайызына зейнетақы жинағынан ақша алуға рұқсат беретін заңды қабылдады. Парламенттің 116 өкілі заң жобасын қолдады. Құжат пандемияның экономикалық салдарымен күресуге бағытталған. 

Алғашында Чили президенті Себастьян Пинера жаңа заңға қарсылық білдірді. Алайда парламенттегі басқарушы коалиция өкілдерінің едәуір бөлігі түзетулерді қолдағаннан кейін президент жұмада ветодан бас тартып, заңға қол қоятынын мәлімдеді.

"Президенттің осы конституциялық реформаны жүзеге асыру туралы шешімін қабылдау барысында көптеген отандасымыздың қиын экономикалық және әлеуметтік жағдайы ескеріліп, зейнетақы жинақтарына қол жеткізу тездетілетін болады", - делінген үкімет хабарламасында.

Заң жобасы Чилидің 10 миллионнан аса азаматына зейнетақы жинағынан ақша алуға мүмкіндік береді.

Айта кетейік, осы жылдың 20 шілдесінде БЖЗҚ қоғамдық кеңесінің мүшесі Евгений Сейпульник елдегі жағдайға байланысты Қазақстанның зейнетақы қорының салымшыларына өз жинақтарының 10 пайызын алуға мүмкіндік беруді ұсынған болатын.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети