Чубайс өз еркімен Путиннің арнайы өкілі қызметінен кетті

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Чубайс өз еркімен Путиннің арнайы өкілі қызметінен кетті Фото ©️ РИА Новости

Ресей президентінің тұрақты даму жөніндегі арнайы өкілі Анатолий Чубайс өз еркімен қызметінен кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап. Бірқатар БАҚ оның Ресейден кеткенін мәлімдеді.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ресей президентінің тұрақты даму жөніндегі арнайы өкілі Анатолий Чубайс өз еркімен қызметінен кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап. Бірқатар БАҚ оның Ресейден кеткенін мәлімдеді.

Bloomberg басылымы екі ақпарат көзіне сілтеме жасап, Чубайс "Ресей президенті Владимир Путиннің Украинаға соғыс ашқанымен келіспейтінін айтып, өз еркімен отставкаға шығып елден кетті" деп жазды.

"Иә. Чубайс өз еркімен отставкаға кетті. Кету, кетпеу бұл оның - жеке ісі", - деп түсіндірді Путиннің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков.

Bloomberg басылымы 66 жастағы Чубайсты Путин үкіметіндегі Батыс шенеуніктерімен тығыз байланыста болған 1990 жылдардағы санаулы экономикалық реформаторлардың бірі деп атады. Чубайс тұрақты даму жөніндегі елші етіп тағайындалғанға дейін ірі мемлекеттік компанияларда басшылық қызметтерді атқарған.

Бұған дейін журналист және тележүргізуші Владимир Познер Бірінші арнада Анатолий Чубайспен болған сұхбатты есіне алды. Журналист Чубайстың ресейліктердің оған деген жеккөрушілігі туралы сұрақ қойған кездегі ерекше әрекетін есте сақтап қалғанын айтады.

"Бұл мәселе оны қатты толғандырады. Осы сұрақты қойғанда бет әлпетінің, дауыс ырғағының және түрінің бұзылып кеткенін есіме түсірдім", - деді тележүргізуші.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети