Чилиде беймәлім ұшатын нысанмен соғыса жаздаған ұшақтың видеосы пайда болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Чилиде беймәлім ұшатын нысанмен соғыса жаздаған ұшақтың видеосы пайда болды видеодан үзінді

Чилидің Пуэрто-Варас қаласында өткен авиашоу кезінде беймәлім ұшатын нысанмен соғыса жаздаған жергілікті әуе-қорғаныс күштерінің ұшағының видеосы Желіде пайда болды. Соңғы айларда осы өңірлерде осындай құбылыстар жиілеп кеткен. 

Жарияланған видеода чилилік ұшақтың жоғары қарай ұшып бара жатқаны түсірілген. Бір мезетте оның жолын жартылай домалақ бір зат кесіп өтеді. Беймәлім ұшатын нысан сәл болмағанда ұшаққа соғысатын еді, алайда ол ары қарай ұшып кетіп, әуеде жоқ болып кетеді. 

Көрермендер мұның не екеніне таңғалады. Біреулер мұның тағы бір ұшақ немесе алып құс болуы мүмкін екенін жазған. Тағы біреулер, видеода бір емес екі беймәлім ұшатын нысанның ұшып жүргенін жазған. 

Осыған дейін, Чили Әуе-қорғаныс күштері беймәлім ұшатын нысанды видеоға түсіріп алған болатын. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети