1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Жаһан

Cирияда жарты миллион бала қоршауда өмір сүріп жатыр

© vasi.net © vasi.net

Сирияда 500 мың бала қоршауда өмір сүріп жатыр, - 24 Хабар.  Бұл туралы БҰҰ Балалар қоры мәлімдеді.

БҰҰ Балалар қорының мәліметінші, Сирия аумағындағы 16 ауданда қамалып отырған өрендер дәрігерлік көмек пен білімді былай қойғанда гуманитарлық көмектің өзіне қолдары жетпей отыр. Сондықтан азық-түлікке зәру жағдайда өмірмен арпалысуға мәжбүр дейді мамандар.

Мысалы, жалғыз Алеппоның шығыс ауданында 100 мыңға жуық жеткіншек қоршауда қалып қойған. Халықаралық ұйым барлық соғысушы тараптарды өздері бақылап отырған аудандардағы бассыздықты тоқтатып, гуманитарлық көмектердің жетуіне жағдай жасауға шақырды.