COVID-19: АҚШ-та алғашқы өлім елде вирус тіркелгенге дейін анықталған

ПОДЕЛИТЬСЯ

COVID-19: АҚШ-та алғашқы өлім елде вирус тіркелгенге дейін анықталған © REUTERS

АҚШ-та коронавирустан болған алғашқы өлім дерегі елде вирус анықталғанға дейін үш аптадай бұрын анықталған. Бұл туралы Los Angeles Times Калифорния штатының билігіне сілтеме жасап мәлімдеді, - деп хабарлайды Lenta.ru.

ПОДЕЛИТЬСЯ

АҚШ-та коронавирустан болған алғашқы өлім дерегі елде вирус анықталғанға дейін үш аптадай бұрын анықталған. Бұл туралы Los Angeles Times Калифорния штатының билігіне сілтеме жасап мәлімдеді, - деп хабарлайды Lenta.ru.

Зерттеу нәтижесі бойынша, коронавирус инфекциясы анықталған екі науқас калифорния өңірінде Санта Клара аймағында 6 және 17 ақпанда қайтыс болғаны анықталған. Бұған дейін алғашқы өлім дерегі Вашингтон штатында 29 ақпанда белгілі болғаны айтылған. 

Жегілікті биліктің ресми хабарламасына сәйкес, бұл ақпарат енді беогілі болған, себебі марқұмдар үйінде болған. Ал тесттен алғашқы кездері саяхаттаған, вирус анықталған және коронавирус белгісі бар адамдар өткен.  

Штат билігі COVID-19-дан қайтыс болғандардың нақты саны қосымша зерттеулерден кейін белгілі болуы мүмкін екенін айтқан. Ал медицина қызметкерлері вирус Калифорнияда бұрыннан, бәлкім желтоқсаннан бері бар болуы мүмкін екенін айтады. Олардың сөзінше, эпидемияның алғашқы кезі вирус белгісі тұмауға ұқсас болғандықтан байқалмай қалған болуы мүмкін: ауру жеңіл өткенде, науқас та, дәрігер де оны қарапайым тұмаудан ажырата алмаған жағдайда. 

Айта кетейік, бүгінде АҚШ коронавирус инфекциясын жұқтырған адам саны бойынша да, қайтыс болған адам саны бойынша да бірінші орында тұр. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети