COVID-19: Дүние жүзінде антирекорд тіркелді

ПОДЕЛИТЬСЯ

COVID-19: Дүние жүзінде антирекорд тіркелді REUTERS©

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ) пандемия басынан бері коронавирус жұқтырғандар санының тағы бір рекордтық көрсеткішін тіркеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ) пандемия басынан бері коронавирус жұқтырғандар санының тағы бір рекордтық көрсеткішін тіркеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ДДҰ мәліметінше, 13 қыркүйекте дүние жүзінде 307 930 жаңа жағдай анықталған. Оның алдындағы антирекорд 6 қыркүйекте тіркеліп, 306 857 адам ауырған болатын.

Дүние жүзі бойынша 28 637 952 адам коронавирус жұқтырған, 917 417 науқас қайтыс болған.

Ауырып қалғандардың көбі Солтүстік және Оңтүстік Америкада - екі құрлықты қосқанда 14,7 миллион адам, әрі қарай Оңтүстік-Шығыс Азия шамамен 5,4 миллион адам және Еуропа 4,8 миллионға жуық жағдай тіркелген.

Ал Джонс Хопкинс университеті коронавирус жұқтырғандар санының антирекордын 11 қыркүйекте тіркеді - бір тәулікте 319 888 адам ауырған.

Соңғы кезде Үндістан (+93 215), Франция (+10 561), Ұлыбритания (+3 497), Ирак (+3 531), Израиль (+2 882), Украина (+2 446) және басқа елдерде ауру жұқтырғандар саны күрт көбейіп жатыр.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети