28 тамыз 2020 16:14

COVID-19: Франция билігі онлайн оқуға көшуден бас тартты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: pixabay.com Фото: pixabay.com

Франция билігі елде коронавируспен байланысты жағдайға қарамастан онлайн оқуға көшуден бас тартты, - деп жазады "Хабар24".


Франция билігі елде коронавируспен байланысты жағдайға қарамастан онлайн оқуға көшуден бас тартты, - деп жазады "Хабар24".

Дереккөз мәліметінше, оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында айтарлықтай жұмыс жүргізілді.

"Егер мектептерді ашпасақ, елдегі әлеуметтік жағдай шиеленісуі мүмкін. Сондықтан оқу жылы әдеттегідей 1 қыркүйекте басталады. Білім ошақтары арнайы дайындалған хаттама бойынша жұмыс істеп, барлық санитарлық қауіпсіздік талабын орындауы тиіс", - дейді Францияның білім министрі Жан-Мишель Бланкер.

Жаңа талапқа сай мектептерде зарарсыздандыру жұмыстары күн сайын жүргізіледі. Мұғалімдер мен орта және жоғарғы сынып оқушылары міндетті түрде бетперде тағып жүруі тиіс. Ал асханаға балалар шағын топтарға бөлініп баратыны айтылады.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 439.43   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети