COVID-19 жұқтырған Ұлыбритания премьері жансақтау бөлімінде жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

COVID-19 жұқтырған Ұлыбритания премьері жансақтау бөлімінде жатыр Фото: REUTERS

Ұлыбританияның премьер-министрі Борис Джонсонның жағдайы нашарлады, - деп хабарлайды РИА Новости.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ұлыбританияның премьер-министрі Борис Джонсонның жағдайы нашарлады, - деп хабарлайды РИА Новости.

Басылымның мәліметінше, ол қазір интенсив терапия палатасына ауыстырылды.

Үкімет канцеляриясының ресми өкілінің айтуынша, Борис Джонсон жексенбіден бері дәрігерлердің бақылауында. Себебі оның дене қызуы әлі күнге дейін түспеген, ал жөтелі кетпеген.

"Түстен кейін премьер-министрдің жағдайы нашарларды. Дәрігерлер оны интенсив палатаға ауыстырды. Оған барлық көмек көрсетіліп жатыр, премьер-министр денсаулық сақтау жүйесінің жұмысына алғыс айтып жатыр", - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, премьер-министрдің орнына ол қызметке уақытша сыртқы істер министрі келетіні айтылады.

Еске салайық, мұның алдында Ұлыбритания премьерінің тыныс алдыру аппаратына қосылғаны хабарланған болатын.

Айта кетейік, Ұлыбританияда соңғы тәулікте коронавирус жұқтырғандардың саны 3802-ге жеткен.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети