COVID-19 жұқтырып, жансақтау бөлімінде жатқан науқастар туралы деректі фильм көрсетілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

COVID-19 жұқтырып, жансақтау бөлімінде жатқан науқастар туралы деректі фильм көрсетілді Фото: RT

Журналист Антон Красовский мен RT телеарнасының түсірілім тобы коронавирус инфекциясымен күреске байланысты дайындалған мәскеулік екі ауруханаға барды. Олар "Эпидемия" цикліне жаңа фильм түсірді.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Журналист Антон Красовский мен RT телеарнасының түсірілім тобы коронавирус инфекциясымен күреске байланысты дайындалған мәскеулік екі ауруханаға барды. Олар "Эпидемия" цикліне жаңа фильм түсірді.

Эпизодта жедел жәрдем бригадасының қауіпті пневмония диагнозы қойылған науқастарды қабылдау бөлімшесіне қалай әкелетіні және COVID-19 жұқтырғандар қалай жансақтау бөліміне түсіп, өкпені қаай тыныс алдыру аппаратына қосатыны айтылады.

Ешқандай созылмалы ауруы жоқ жастардың жансақтау бөліміне түсіп қалуын, дәрігерлердің өзі коронавирус инфекциясын жұқтырған науқас болып қалуын, қалай пневмония жастарды, тіпті балаларды ауыр күйге түсіретіні көрсетіледі.

Журналистерге Лапино клиникалық госпиталінің "қызыл аймағында" науқас қызды таныстырады. Жас қыз коронавирусты ауру ошағынан не қауіпті факторлардан жұқтырмаған. Оны ауруханаға тыныс алдыру аппаратына қосып, ауыр халде әкеледі.

Дәрігер Борислав Силаевтың айтуынша, коронавирус инфекциясынан емделген кезде, әсіресе, өкпеге жасанды желдету аппаратына қосқан кезде науқастың сабырлы болуы өте маңызды. Бұл аппаратқа науқасты екі жолмен: есін біліп жатқанда және ұйықтатын препараттарды пайдаланып қосады. 

"Маңызды ереже - науқас сабырлы болуы керек. Егер өзі о бастан сабырлы адам болса, онда бір жағдай. Ал егер ол қарсы болып, сабырсызданса, онда оны ұйықтату үшін медициналық жолды таңдаймыз", - деді дәрігер.

Еске салайық, 22 сәуірдегі жағдай бойынша Ресейде 58 мыңға жуық адам коронавирус жұқтырған. Олардың ішінде 4420 адам жазылды, 513 адам қайтыс болды.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети