01 ақпан 2022 19:57

COVID-19 қалдықтары адам денсаулығына қауіп төндіреді - ДДСҰ

Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©REUTERS Фото ©REUTERS

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы COVID-19 пандемиясынан кейінгі ондаған мың тонна медициналық қалдық адам денсаулығы мен қоршаған ортаға қауіп төндіретінін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters-ке сілтеме жасай отырып.


Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы COVID-19 пандемиясынан кейінгі ондаған мың тонна медициналық қалдық адам денсаулығы мен қоршаған ортаға қауіп төндіретінін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters-ке сілтеме жасай отырып.

Есеп авторларының пікірінше, 2021 жылдың қарашасына дейін БҰҰ порталы арқылы шамамен 87000 тонна жеке қорғаныс құралдарына тапсырыс берілген. Бұл жүздеген көк киттің салмағына тең, оның көпшілігі қалдық болып шықты.

Сондай-ақ, баяндамада 140 миллионға жуық сынақ жиынтығы туралы айтылды. Мамандардың пікірінше, бүкіл әлемде енгізілген 8 миллиардқа жуық вакцина нәтижесінде шыны бөтелкелер, инелер және қорғаныс қораптары түрінде тағы 144000 тонна қалдық шығарылған.

Баяндама авторлары Үндістанның ауылдық жерлерінде қалдықтарды ресми өңдеу мен жою мүмкіндігі шектеулі екенін айтты.

ДДСҰ мәліметтері бойынша, пандемия басталғанға дейін медициналық мекемелердің үштен бір бөлігі қолда бар қалдықтарды өңдеуге жабдықталмаған. Кедей елдерде бұл көрсеткіш 60 пайызға жетті. Ұйым сарапшылары қайта пайдалануға болатын және қайта өңделетін материалдардан жасалған қорғаныс құралдарын қолдануға шақырды.

Баяндамаға сәйкес, вакциналардың ескі бөтелкелері жұқпалы болуы, медицина қызметкерлеріне ине инъекциясы мен патогенді микробтар қауіп төндіруі мүмкін.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети