Үндістанда коронавирусқа қарсы екі вакцина мақұлданды, ал Францияда дәрігерлер мен ғалымдар ел билігінің халықты екпемен қамтамасыз ету бағдарламасын сынға алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Үндістанда коронавирусқа қарсы екі вакцина мақұлданды, ал Францияда дәрігерлер мен ғалымдар ел билігінің халықты екпемен қамтамасыз ету бағдарламасын сынға алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Францияда дәрігерлер мен ғалымдар ел билігінің халықты екпемен қамтамасыз ету бағдарламасын сынға алды: олар бағдарлама тым баяу жүріп жатыр деп санайды. Францияның Денсаулық сақтау министрлігі бағдарламаның тиімділігін бір апта уақыт ішінде бағалауға болмайтынын және жақын арада бұл науқан қарқын алады деп сендірді.
Ұлыбританияда мақұлданған екінші екпе – Оксфорд университеті мен AstraZeneca компаниясының өнімі қолданысқа енгізуге дайындалуда. Мұғалімдер кәсіподақтары Ұлыбритания билігін коронавирус инфекциямен, оның ішінде аса жұқпалы деп танылған жаңа штамын жұқтыру жағдайларының көбеюіне байланысты мектептердің ашылуын кейінге қалдыруға шақырды.
Италияда екпе егу қарттар үйінің тұрғындары үшін басталды. Бұдан бұрын, бірінші кезеңде осы мекемелердің медициналық қызметкерлеріне вакцина салынған болатын.
Венгрия билігі Ресеймен вакцинация саласында тығыз ғылыми ынтымақтастықты жалғастыратынын растады. Елдің премьер-министрі Виктор Орбан ресейлік вакцина барлық венгр үшін жеткіліксіз, сондықтан баламаны Қытайдан іздеу керегін мәлімдеді.
Үндістанда бірден коронавирусқа қарсы екі вакцинаны қолдануды ресми түрде мақұлданды. Бұлар: жергілікті Bharat Biotech компаниясының "Коваксин" препараты және Оксфорд университеті мен AstraZeneca компаниясының вакцинасы. Бұл вакцинаны Үндістанда шығару жоспарланған. Сонымен қатар, қазіргі уақытта елде бірнеше антивирустық препараттың, оның ішінде ресейлік "Спутник V"-нің клиникалық сынамасы жүріп жатыр.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!