COVID-19: Оңтүстік Кореяда наурыз айынан бергі рекорд жаңарды

ПОДЕЛИТЬСЯ

COVID-19: Оңтүстік Кореяда наурыз айынан бергі рекорд жаңарды © REUTERS

Оңтүстік Кореяда бір тәулікте 324 адамнан коронаврус анықталып, науқастар саны 16 670-ке жетті. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі жанындағы ауруларды бақылау және алдын алу орталықтарының ұйымының (CDC) өкілі айтты, - деп хабарлайды РИА Новости.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Оңтүстік Кореяда бір тәулікте 324 адамнан коронаврус анықталып, науқастар саны 16 670-ке жетті. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі жанындағы ауруларды бақылау және алдын алу орталықтарының ұйымының (CDC) өкілі айтты, - деп хабарлайды РИА Новости.

Осылайша, басылымның мәліметінше, Оңтүстік Кореяда наурыз айынан бергі рекорд жаңарды. Соңғы рет 8 наурызда 367 жаңа жағдай тіркелген болатын.

Соңғы аптада Оңтүстік Кореяда бір күнде 56 науқастан 297 науқасқа дейін тіркелген. 

Оңтүстік Кореяда коронавирусқа байланысты жағдай өршіп тұрғаны рас па?

Науқастардың саны өсуіне елде сауда орындары мен шіркеулердің ашылуы себеп болғаны айтылады.

Енді жергілікті эпидемиологтар Сеул шіркеуіндегі коронавирус ошағы Тэгу қаласындағы жасырын христиан сектасындағы қайғылы жағдайды қайталауы мүмкін деп сескеніп отыр. Тэгу қаласындағы Щинчонджи шіркеуінің қызметкерлері коронавирусты анықтауға тест тапсырудан бас тартып, олар мыңдаған адамға жұқтырғандықтан ақпаннан бастап елдегі бүкіл шіркеу жабылған болатын

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети