COVID-19: Ресейде тәулік ішінде антирекорд тіркелді

ПОДЕЛИТЬСЯ

COVID-19: Ресейде тәулік ішінде антирекорд тіркелді РИА Новости©

Ресейде COVID-19 жұқтырудың жаңа жағдайлары бойынша тәулік ішінде антирекорд тіркелді, - деп хабарлайды РИА Новости.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ресейде COVID-19 жұқтырудың жаңа жағдайлары бойынша тәулік ішінде антирекорд тіркелді, - деп хабарлайды РИА Новости.

Шұғыл штабтың мәліметінше, Ресейде кейінгі тәулікте 17 347 адамның коронавирус жұқтырғаны анықталды. Өсім 1,1 пайыз деңгейінде тұр.

Бұған дейін өсім 23 қазанда - 17 340 болып тіркелген.

Науқастардың көбі Мәскеуде (5224, күн бұрын 4455), Санкт-Петербургте (715) және Подмосковьеде (499) анықталса, ең азы - Шешенстанда (тоғыз), Ненецк автоном округінде (төрт) және Чукоткада (бір) тіркелді. Вирус жұқтырғандардың ішінде төрттен бір бөлігінен аса адамда аурудың симптомдары болмаған. 

Кейінгі тәулікте 219 адам қайтыс болып, 7 574 науқас жазылды. 

Пандемия басынан бері елді коронавирус жұқтырғандар саны 1 531 224-ке жетті. 26 269 адам қайтыс болды, 1 146 096 науқас аурудан айықты.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети