COVID-19 ұзақ уақыт шаршауды тудыруы мүмкін - зерттеу

ПОДЕЛИТЬСЯ

COVID-19 ұзақ уақыт шаршауды тудыруы мүмкін - зерттеу Фото: yanalya / Freepik

Ұлыбританиялық ғалымдар коронавирус ұзақ уақыт шаршауды тудыруы мүмкін екенін анықтады, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Sciencealert сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ұлыбританиялық ғалымдар коронавирус ұзақ уақыт шаршауды тудыруы мүмкін екенін анықтады, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Sciencealert сайтына сілтеме жасап.

COVID-19 вирусының белгілерін анықтау үшін жүргізілген зерттеуге 3,9 миллион адам қатысқан. Олардың шамамен 10 пайызы қатты шаршайтынын айтқан. Мұндай сезім 4 аптадан 7 аптаға дейін созылған. 

Мамандар адам өзін 6 аптадан асқан жағдайда өзін әлсіз сезінсе, оның ұзақ уақыт шаршау синдромына шалдықты деп есептейді. Синдром вирустық және онкологиялық аурулар кезінде байқалады. Ұзақ уақыт шаршау синдромы 2003 жылы Гонконгта SARS-CoV жұқтырғандардың төрттен бірінде байқалған.

Ғалымдардың пікірінше, ұзақ уақыт шаршауды емдеу кезінде басымдық негізгі ауруға берілуі керек. Алайда  вирустық инфекциялардың басым бөлігінде нақты емдеу әдісі жоқ. Осыған байланысты дәрігерлер ұйқы режимін қалыпқа келтіру, дұрыс тамақтану және психоэмоционал жағдайға мән беру керек деп кеңес береді.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети