АҚШ-тың жабайы табиғат жөніндегі сарапшылары коронавирусқа қарсы вакцинаны дайындау үшін жарты миллионға жуық акула өлтірілуі мүмкін екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Daily Mail басылымына сілтеме жасап.
АҚШ-тың жабайы табиғат жөніндегі сарапшылары коронавирусқа қарсы вакцинаны дайындау үшін жарты миллионға жуық акула өлтірілуі мүмкін екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Daily Mail басылымына сілтеме жасап.
Басылымның мәліметінше, акуланың бауырында негізінен косметикада қолданылатын сквален деп аталатын майлы элемент бар. Сонымен қатар, ол кейбір вакциналарда да қолданылады екен.
Осыған дейін GlaxoSmithKline компаниясы скваленді пайдаланатынын мәлімдеген. Алайда фармацевтикалық компания препараттың миллиард дозасын жасау экологиялық апатқа әкелуі мүмкін деген пікірде.
Америкалық Shark Allies ұйымының сарапшылары сквален негізіндегі вакцина пайда болса, әр адамды вакцинаның бір дозасымен қамтамасыз ету үшін 250 000 акуланы өлтіру керегін айтады. Алайда, кейбір ғалымдар халық арасында иммундауды жүргізу үшін екі доза керек болуы мүмкін деп санайды. Демек, ол үшін 500 000 акуланы өлтір керек.
Shark Allies ұйымы акулалар балық аулауға және балық майын өндіруге қатысты ережелері жоқ аумақта ауланатынын жеткізді. Сондай-ақ, мамандар вакцинаны жасаушылар акуланың бауырынан алынатын скваленді өсімдік аналогынан артық бағалайтынын атап өтті. Себебі, ол 30 пайызға арзан екен.
"Акуланың бауыр майынан скваленді алу арзан және оңай", - дейді Shark Allies ұйымы.
Shark Allies негізін қалаушы Стефани Брендл фармацевтикалық компания вакцина өндірісін бәсеңдетуге немесе оны болдырмауға тырыспайтынын айтады.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!