Дағыстандық әншіні үйінің ауласында атып кеткен

Камила Долаева
Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

Дағыстандық әншіні үйінің ауласында атып кеткен © instagram.com/mashidat_official

Махачкалада белгісіз бір адам дағыстандық әнші Машидат Омарасхабованы атып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости агенттігіне сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Махачкалада белгісіз бір адам дағыстандық әнші Машидат Омарасхабованы атып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости агенттігіне сілтеме жасап. 

"Омарасхабова үйінің ауласында белгісіз бір адамның қолынан жарақат алды. Оның атыс қаруы болған. Әнші ауруханаға жеткізіліп, ота жасалды. Қазіргі уақытта оның жағдайы тұрақты", - деді республиканың ІІМ Бас басқармасының өкілі.

Қазір әнші жасанды тыныс алдыру аппаратына қосылған. 

ІІМ Бас басқармасының өкілі қару қолдану арқылы денсаулыққа ауыр зиян келтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын айтып өтті.

Машидат Омарасхабова (шын тегі Шамхалова) - Дағыстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі, Гамзат Цадас атындағы Авар музыкалық-драма театрында жұмыс істейді.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети