ДАИШ Ресейді қанға бөктіруге уәде берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

ДАИШ Ресейді қанға бөктіруге уәде берді ДАИШ Ресейді қанға бөктіруге уәде берді

Өзін "Ислам мемлекеті" деп атайтын ДАИШ террорлық ұйымы Ресейге күш көрсететінін мәлімдеген видеосын Интернетте жариялады, - деп хабарлайды BBC News.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Өзін "Ислам мемлекеті" деп атайтын ДАИШ террорлық ұйымы Ресейге күш көрсететінін мәлімдеген видеосын Интернетте жариялады, - деп хабарлайды BBC News.

Орыс тіліндегі, ал титрлары ағылшын тіліндегі роликті ұйымның ресми медиаресурсы Al Hayat Media Center жариялады. Содырлар "таяу арада Ресей территориясында қанды шабуылдар жасайтынын" айтып, уәде береді. "Таяуда, жақын арада қан теңіздей болып ағады", - делінген видеоүндеуде. 

Сонымен қатар, лаңкестер ресейліктерді әйелдерін күң, ал ұлдарын құл ететінін айтып, қорқытып отыр. 

Ал осы уақытта Владимир Путиннің баспасөз хатшысы видео жайлы хабарламаларды оқығанын, бірақ оны көрмегенін айтты. Сондықтан видеоның рас-өтірігіне қатысты түсінік бере алмайтынын мәлімдеді. Бірақ Дмитрий Песков бұл материалдарды ресейлік арнайы қызметтердің тексеретінін мәлімдеді.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети