ДАИШ-тың 4 мыңнан аса содыры Еуропаға босқын болып кіріп кеткен

ПОДЕЛИТЬСЯ

ДАИШ-тың 4 мыңнан аса содыры Еуропаға босқын болып кіріп кеткен

Еуропадағы көші-қон дағдарысы Еуропалық одақта бірнеше ірі лаңкестікке алып келуі мүмкін. Ағылшынның Sunday Express газеті ДАИШ-тың 4 мыңнан аса содырының батыс елдеріне босқын ретінде кіріп кеткенін хабарлады.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Еуропадағы көші-қон дағдарысы Еуропалық одақта бірнеше ірі лаңкестікке алып келуі мүмкін. Ағылшынның Sunday Express газеті ДАИШ-тың 4 мыңнан аса содырының батыс елдеріне босқын ретінде кіріп кеткенін хабарлады.

ДАИШ агентінің айтуынша, қазіргі уақытта мыңдаған лаңкес Еуропалық одақта жүр және құпия операция дайындап жатыр. Болжам бойынша, топтың қарулы содырлары Түркия шекарасынан өтіп, Еуропадағы елдерге тарап жатыр. Дереккөздің мәліметінше, лаңкестер жергілікті контрабандашылардың көмегімен Еуропаға бағыт алған заңсыз босқындардың қатарына кіріп алған. 

Сирия мен Ирактан ауған заңсыз мигранттардың проблемасымен күрес Еуропаға күрделі жағдайлар туғызып отыр. 2015 жылдың басынан бері Еуроодақ аймағына шамамен 350 мың босқын көшіп келген. Батыс елдерінің көшбасшылары олардың толқынын тоқтатудың жолын іздестіріп жатыр. 

Еске сала кетейік, "Ислам мемлекеті" Ирак пен Сирия территориясының көп бөлігін жаулап алды. Орталық барлау басқармасының мәліметінше, 30 мыңға жеткен содырлар тобы жаулап алынған жерлерде халифат жариялап, аумағын кеңейтуге тырысып жатыр. "Ислам мемлекеті" тобы Сирияда үкіметтік жасақтарға қарсы соғысса, Иракта жергілікті әскерилер мен күрд халық жасақтары арасындағы соғысқа араласады. Содырларға қарсы Сирия, Ирак және АҚШ басшылығындағы халықаралық коалиция күресіп жатыр.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети