30 мамыр 2016 15:14

ДАИШ футболдан Англия мен Ресей құрамаларының матчының қарсаңында теракт жоспарлап отыр - БАҚ

ПОДЕЛИТЬСЯ

© The Sun © The Sun

ДАИШ лаңкестік ұйымы (Қазақстанда тыйым салынған) футболдан Англия мен Ресей құрамаларының матчының қарсаңында теракт жоспарлап отыр, - деп хабарлайды The Sun


ДАИШ лаңкестік ұйымы (Қазақстанда тыйым салынған) футболдан Англия мен Ресей құрамаларының матчының қарсаңында теракт жоспарлап отыр, - деп хабарлайды The Sun

Басылымның мәліметінше, лаңкестер жанкүйерлерге шабуыл жасағысы келеді екен. Бұл мәлімет Париж бен Брюссельде жасалған лаңкестік шабуылдардың жетекшісі Салах Абдесламның ноутбугында табылған.

The Sun мәліметінше, лаңкестер өлімшілердің көмегімен, Калашников автоматтары мен ұшатын дрондарды қолдануды жоспарлап отыр. Абдесламның ноутбугында Марсель портының суреттері табылған. Онда Англияның жанкүйерлері топтық кезеңнің бірінші матчының қарсаңында жиналады екен.  

Сонымен қатар, терактілердің стадион мен фан-аймақтарда орналасқан барларда да жоспарланғаны айтылады. 

Англия - Ресей матчы 11 маусымда Марсельде өтеді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети