24 тамыз 2016 | 11:10

ДАИШ лаңкестері биологиялық қару мен без обасы жұқпасын қолға түсірмек болған

ПОДЕЛИТЬСЯ

© ridus.ru © ridus.ru

ДАИШ лаңкестері биологиялық қару мен без обасы жұқпасын қолға түсірмек болған, - деп хабарлайды РИА Новости. Бұл туралы БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің отырысы барысында Интерполдың арнайы өкілі Эммануэль Ру айтты.


Иконка комментария блок соц сети

ДАИШ лаңкестері биологиялық қару мен без обасы жұқпасын қолға түсірмек болған, - деп хабарлайды РИА Новости. Бұл туралы БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің отырысы барысында Интерполдың арнайы өкілі Эммануэль Ру айтты.

Оның айтуынша, шетелдік содырлардың шекара арқылы көптеп келуі және өздеріне адамдарды тартуы террористік ұйымдардың арнайы білімдерге қолжетімділігін арттырады. Бұл туралы мамандар да айтып отыр. Мысалы, содырлар Сирияда 2014 жылы Тунис студентінің химия пәніне арнаған ноутбугын алып кеткен екен. "Онда биологиялық қару мен без обасы жайлы 19 беттен тұратын құжат болған", - деді Ру.

Сондай-ақ, Эммануэль Ру хлордың қолжетімді зат екенін айтып өтті. Оның айтуынша, қазіргі уақытта Таяу Шығыстағы және Солтүстік Африкадағы содырлар жарылғыш заттарға хлорды жиі қолданады екен. "24 шілдеде Германияның Ансбах қаласында жарылғыш затты қолданған өлімшінің үйін соңғы рет тексергенде онда бомбаны дайындауға арналған түрлі химикаттар табылған", - деді Интерполдың арнайы өкілі.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети