08 желтоқсан 2021 10:37

Дәрігер балалардағы "омикрон" штамының симптомдарын атады

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:elements.envato.com Фото:elements.envato.com

Ұлыбританиялық дәрігер Дэвид Ллойд "омикрон" штамын жұқтырған балаларда пайда болуы мүмкін ерекше симптомдарды атады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.


Ұлыбританиялық дәрігер Дэвид Ллойд "омикрон" штамын жұқтырған балаларда пайда болуы мүмкін ерекше симптомдарды атады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.

Бұл туралы маман Sky News телеарнасының эфирінде мәлімдеді. Ересектер мен балалардағы ауру белгілерінің айырмашылығы бар екенін де айтып өтті.

Дәрігердің айтуынша, осыған дейін COVID-19-мен ауыратын науқастардың кейбіреулерінде ғана бөртпелер болған, ал "омикронмен" ауыратын балалардың 15 пайызында әдеттен тыс бөртпе пайда болады.

Ллойд дәрігерлер "омикрон" штамы туралы біртіндеп біліп жатқанын айтты.

"Бұл нұсқа "дельта" сияқты өлімге әкелмейді және біз оны жеңе аламыз деп үміттенемін. Бірақ барлығын уақыт көрсетеді", - деп түйіндеді маман.

Бұған дейін Ұлыбританияның бас санитария дәрігері Крис Уитти мен Оксфорд университетінің профессоры Джон Белл коронавирустың жаңа штамының аса қауіпті екеніне күмән келтірген болатын.

Ал Израиль Денсаулық сақтау министрлігінің Қоғамдық денсаулық сақтау қызметінің басшысы доктор Шарон Эльрои-Прайс, соңғы мәліметтер бойынша, "омикрон" штамын жұқтырған адамдар, егер олар вакцина салдырған болса, ауруды жеңіл өткереді деп мәлімдеді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети