Дәрігер бас ауруынан дәрісіз құтылудың жолдарын айтты

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Дәрігер бас ауруынан дәрісіз құтылудың жолдарын айтты Иллюстрация: pixabay

Дәрігер-невропатолог Игорь Орлов бас ауруынан таблеткасыз құтылудың екі әдісін атады, - деп хабарлайды Sputnik радиосы.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Дәрігер-невропатолог Игорь Орлов бас ауруынан таблеткасыз құтылудың екі әдісін атады, - деп хабарлайды Sputnik радиосы.

Маманның айтуынша, бастың жиі ауыру себебі - мидың қанмен қамтамасыз етілуінің нашарлауы. Дәрігерлер бұл адамдарға көбінесе қан айналымын жақсартатын препараттар тағайындайды. Бас ауруды таблеткасыз қойдыру үшін құлақ қалқанына арнайы майларды жағып уқалау да ми қан айналымын жақсартады.

"Мысалы, камфора майын құлақ қалқанына бірнеше тамшы тамызу ми қан айналымын белсендіреді. Егер адамның басы ауырып, ауырсынудан құтылғысы келсе, онда бұл әдіс көмектеседі", - деді Орлов.

Дәрігердің айтуынша, бас ауруынан құтылудың немесе оның қарқындылығын азайтудың тағы бір жолы - құлаққа массаж жасау.

"Құлақты уқалау да бас ауруын азайтады. Алақанмен құлақ қалқанын толығымен жауып, аздап басып, баяу массаж жасаңыз. Бұл қысымның жоғарылауын азайтып, бас ауруын басуға, ми қан айналымын жақсартуға және шуылдан арылуға өте пайдалы. Бірақ массаж кезінде ауырсыну болмауы керек", - деп ескертті дәрігер.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети