Дәрігер семіздіктің басты себебін атады

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Дәрігер семіздіктің басты себебін атады Фото: pixabay.com

Эндокринолог дәрігер, нутрициолог, диетолог Алексей Калинчев семіздіктің кең таралу себебінің бірі психикалық ауытқулар санының өсуі екенін айтты, - деп хабарлайды Ura.ru сайты.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Эндокринолог дәрігер, нутрициолог, диетолог Алексей Калинчев семіздіктің кең таралу себебінің бірі психикалық ауытқулар санының өсуі екенін айтты, - деп хабарлайды Ura.ru сайты.

Калинчев әлемде семіздік саны психикалық ауытқуы бар адамдар санының артуымен қатар жүретінін ескертті.

"Компульсивті ас қабылдау тамақтанудың бұзылуына жатады. Бұл көбіне жүйкесі жұқарған адамдарда жиі кездеседі. Қазір адамдар күйзеліске жиі ұшырайды, ал ол артық тамақтануға алып келеді. Семіздік және артық салмақ психикалық ауытқуларға байланысты", - дейді дәрігер.

Нутрициологтың сөзінше, семіздікті бірнеше маман емдеуі керек.

"Мұндай ауытқуларды психиатр, психоневролог және психолог емдеуі керек. Психиатрлар дәрі-дәрмектермен тез, арзан және тиімді емдейді. Психологтар әртүрлі әдістерді қолданып, ұзақ емдейді", - деді маман.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети