Дәрігерлер ота кезінде футбол қараған

ПОДЕЛИТЬСЯ

Дәрігерлер ота кезінде футбол қараған

Чили университетіне қарасты клиникалық госпиталінің дәрігерлер бригадасына қатысты тексеріс басталды, - деп хабарлайды РИА Новости

ПОДЕЛИТЬСЯ

Чили университетіне қарасты клиникалық госпиталінің дәрігерлер бригадасына қатысты тексеріс басталды, - деп хабарлайды РИА Новости

Дәрігерлер ота жасап жатқан кезде Конфедерация кубогы аясындағы Чили мен Португалия құрамаларының матчын қараған деген күдікке ілінген. Португалдар "Казань Арена" стадионында турнирдің жартылай финалында Чилиден ойын соңындағы пенальти бойынша 0:3 есебімен жеңілген болатын. 

"Осы жағдайға байланысты барлық әкімшілік шара қабылданды, алдын ала тергеу басталды", - деп хабарлады госпиталь өкілдері. 

Ал мұның алдында медперсоналдың ота кезінде пенальтилер сериясын қара, Чили құрамасының жеңісін тойлағаны көрсетілген видео тараған болатын. Аурухана басшылығы дәрігерлердің бұл әрекетін сөгіп, теледидардың ота кезінде қосулы болғанына таңданыс білдірген. Абырой болғанда, ота сәтті жасалып, науқастың жағдайы жақсарған.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети