Дәрігерлердің қателігі. Көзі жасаураған ер адамның жарты бетін кесіп тастаған

ПОДЕЛИТЬСЯ

Дәрігерлердің қателігі. Көзі жасаураған ер адамның жарты бетін кесіп тастаған © imgur.com

Дәрігерлердің қателігінен бір көзі жасаурайтын ер адамның жарты бетін кесіп тастауға тура келген, - деп хабарлайды L!FE.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Дәрігерлердің қателігінен бір көзі жасаурайтын ер адамның жарты бетін кесіп тастауға тура келген, - деп хабарлайды L!FE.

Басылымының жазуынша, Джейми Миррлистың көзі үнемі жасаурай берген. Алғашқы диагнозы "жас ағатын жолдың бітелуі" болған. Алайда төрт жылдан кейін ер адамның жарты бетін кесіп тастауға тура келген, өйткені, ер адамның маңдайы мен желкесіне дейін қатерлі ісік таралып кеткен. 

Шотландияның Пейсли қаласының дәрігерлері төрт жыл бойына дұрыс диагноз қоя алмаған. Ал ер адамның беті ісе бастаған кезде дәрігерлер оны теріскен деп ойлаған. Ал ісік ары қарай өсіп бара жатқан кезде оны биопсияға тексертіп, төртінші кезеңіне өтіп кеткен қатерлі ісік екеніне көздері жеткен. 

"Дәрігерге алғаш барғанымда ол еш қауіп жоқ деп, көзімді жуып берді. Ал төрт жылдан кейін бетім гүп болып іскенде, ол бұл жай ғана теріскен деді", - деп келтіреді ер адамның сөзін Mirror.

Осының салдарынан ер адамның көзін, мұрны мен мойнының жартысын кесіп, тістерінің көбін жұлып тастауға тура келген. Қатерлі ісік ер адамның миына дейін жеткендіктен күрделі операция 22 сағатқа созылған. 

Ер адамның беті мен мойны шұқырайып қалғандықтан, оның қолынан тері, ал арқасынан бұлшық ет алынып, бетін сәл де болса қалыпқа келтіруге тырысқан. Дәрігерлер алда құлағынан шеміршек алу бойынша тағы да операция жасамақ. 

"Мен бетімнен ғана айырылған жоқпын. Мен тамақ іше де, сөйлей де алмаймын. Мен келбетімнен ұяламын, сондықтан үйден сирек шығатын болдым", - дейді екі баланың әкесі. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети