ДДCҰ омикрон басқа штамдарға қарағанда тез таралатынын растады

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

ДДCҰ омикрон басқа штамдарға қарағанда тез таралатынын растады ©REUTERS

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) коронавирустың жаңа омикрон штамы басқа штамдарға қарағанда тез таралатынын ресми түрде мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters агенттігіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) коронавирустың жаңа омикрон штамы басқа штамдарға қарағанда тез таралатынын ресми түрде мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters агенттігіне сілтеме жасап.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры Тедрос Адханом Гебрейесус омикрон вакцинацияланған адамдарға да жұғатынын айтты.

"Қазір омикронның дельтаға қарағанда әлдеқайда жылдам тарайтыны туралы нақты дәлелдер бар және бұл штамды вакцинацияланған немесе сауығып кеткен адамдар да қайта жұқтыруы мүмкін", - деді Гебрейесус.

©REUTERS

Брифингте сөйлеген ДДСҰ басшысы, адамдарды алдағы мерекелерде адам көп жерлерге бармауға, алға қойған кейбір жоспарларынан бас тартуға шақырды.

"Бәріміз осы пандемиядан шаршадық. Барлығымыз достарымызбен және отбасымызбен уақыт өткізіп, қалыпты өмірге тезірек оралғымыз келеді. Ал қалыпты өмірге оралудың жалғыз жолы әлеуметтік қашықтықты сақтау, адам көп жиналатын жерлерге бармау, вакцина салдыру", - деді ол.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы бас директорының айтуынша, келесі жылдың ортасына дейін әлемнің әрбір еліндегі халықтың 70 пайызын вакцинациялау арқылы 2022 жылы пандемияны тоқтатуға болады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети