ДДСҰ әлемде COVID-19-дан өлім-жітім азайғанын мәлімдеді

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

ДДСҰ әлемде COVID-19-дан өлім-жітім азайғанын мәлімдеді Фото ©REUTERS

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) әлемде коронавирус жұқтырғандардың саны 5 пайызға азайғанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ұйымның сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) әлемде коронавирус жұқтырғандардың саны 5 пайызға азайғанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ұйымның сайтына сілтеме жасап.

Хабарламаға сәйкес, өткен аптамен салыстырғанда қайтыс болғандар саны 10 пайызға азайған.

"Соңғы аптада жаңа инфекция жұқтырғандар мен өлім-жітім саны алдыңғы аптамен салыстырғанда 5 және 10 пайызға төмендеді", - делінген хабарламада.

Құжатта келтірілген статистикалық мәліметтерге сәйкес, 6-12 желтоқсан аралығында 4 000 817 ауру жұқтырғандар анықталып, 46 961 адам қайтыс болған. Тіркелген инфекциялардың 65 пайызы және өлімнің 60 пайызы Еуропаның үлесіне тиеді. Жаңа жағдайлардың ең көп саны АҚШ-та (674 019) тіркелді. Екінші орында Германия (351 738), одан кейін Ұлыбритания (350 340) және Франция (335 972) тұр.

Африка аймағында өткен аптада жаңа жағдайлардың ең көп өсуі байқалды, одан кейін 7 пайызға өскен Батыс Тынық мұхиты аймағы. Америка мен Оңтүстік-Шығыс Азия аймағы 10 пайызға төмендесе, Еуропалық аймақ 7 пайызға төмендеді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 505.71  course up  591.04  course up  6.66  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети