ДДСҰ Еуропада коронавирус жұқтырғандар саны тағы артқанын ескертті

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

ДДСҰ Еуропада коронавирус жұқтырғандар саны тағы артқанын ескертті Фото: ©REUTERS

Еуропада шектеулер жеңілдеуіне байланысты коронавирус жұқтырғандар саны артты. Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) Еуропалық бюро директоры Ханс Клюге мәлімдеді, - деп хабарлайды Reuters.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Еуропада шектеулер жеңілдеуіне байланысты коронавирус жұқтырғандар саны артты. Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) Еуропалық бюро директоры Ханс Клюге мәлімдеді, - деп хабарлайды Reuters.

Клюгенің айтуынша, стадиондарда, сондай-ақ EURO-2020 ойындарын ұйымдастыратын қалалардағы пабтар мен барларда жиналған адамдар коронавирус жұқтырғандар санын көбейтеді. Оның айтуынша, соңғы тәулікте COVID-19 жұқтырғандар саны ең көп тіркелген он елдің төртеуі Еуропа аймағында орналасқан.

ДДСҰ мәліметі бойынша, аймақта коронавирус инфекциясын жұқтырғандар санының 10 апталық төмендеуі жақын арада аяқталады және жанкүйерлер мен басқа адамдар мұқият болмаса, жаңа толқын басталуы мүмкін.

"Ақпанның басынан бері аймақта COVID-19 жұқтыру дерегі азайғанан кейін Орталық және Шығыс Еуропа мен Балқанда көрсеткіш қайта өскені байқалады. Әлі толық аяқталған жоқ", - деп жазды Клюге Twitter-парақшасында.

Өз кезегінде Германияның ішкі істер министрі Хорст Зеехофер УЕФА Еуропа футболының басқарушы органының жанкүйерлерді жинауға рұқсат беруі туралы шешімін "толығымен жауапсыздық" деп атады.

"Біз тек стадиондарды ғана емес, халықтың оған қалай баратынын, автобустарда қалай отыратынын қадағалау керек. Дәл осы жағдайлар вирустың таралуын тудырады", - деді ДДСҰ-ның төтенше жағдайлар жөніндегі аға офицері Кэтрин Смоллвуд.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети