Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) директоры Тедрос Аданом Гебрейесус коронавируспен күрестегі басты мақсат 2022 жылдың қыркүйегіне дейін әр елдегі 70 пайыз халықты вакциналау екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.
Тедрос Аданом Гебрейесус сәрсенбіде Токиодағы Олимпиада ойындары қарсаңында Халықаралық Олимпиада комитетінің 138-ші сессиясында сөз сөйледі.
"АИТВ-ға қарсы вакцина жоқ, Альцгеймер ауруына және бұл тізім өте ұзақ. COVID-19-бен қатысты жағдай мүлдем бөлек. Пандемияны бақылауға алуға болады. Адам өмірін сақтап қалу үшін бәрі бар. Біздің мақсатымыз - келесі жылдың қыркүйегіне дейін әр елдегі 70 пайыз халықты вакциналау. Біздің мақсатымыз - жаһандық қалпына келтіру. Пандемияны тоқтата аламыз. Мақсатқа жету үшін 11 миллиард вакцина қажет. Бұл шұғыл шараларды қажет етеді. Бірақ қазір бұрын-соңды болмаған дағдарыс жүріп жатыр және ол үшін бұрын-соңды болмаған шараларды қолдану керек", - деді Гебрейесус.
ДДСҰ басшысы пандемияны аяқтау өзімізге байланысты екенін айтты.
"Барлығы өз қолымызда. Бізде қажетті құралдар бар. Аурудың алдын ала аламыз, ауруды емдей аламыз. Пандемияны жеңе алмауымыздың себебі - нақты саяси міндеттемелердің болмауы және бұл қынжылтады. Қолымызда барлық құрал болса да, пандемияны тоқтата алмаймыз. "Үлкен жиырмалық" елдерінің үкіметтері өздерінің ерік-жігерін көрсетіп, қолда бар қаражатты пайдалануы керек", - деді Гебрейесус.
Бұған дейін ДДСҰ басшысы пандемияның өте қауіпті кезеңі туралы айтқан болатын.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!