22 ақпан 2021 | 23:38

ДДСҰ өкілі пандемия қашан аяқталуы мүмкін екенін айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Reuters © Reuters

Коронавирус инфекциясы пандемиясы 2022 жылдың басында аяқталуы мүмкін. Бұл туралы DR дат телеарнасына Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Еуропалық өңірлік бюросы басшысы Ханс Клюге айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Анадолуға" сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Коронавирус инфекциясы пандемиясы 2022 жылдың басында аяқталуы мүмкін. Бұл туралы DR дат телеарнасына Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Еуропалық өңірлік бюросы басшысы Ханс Клюге айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Анадолуға" сілтеме жасап.

Халықаралық ұйым өкілінің айтуынша, 2021 жыл да коронавирус жылы болады, бірақ жағдай былтырғыға қарағанда қалыпты болады.

"Ең жағымсыз сценарий артта қалды. 2020 жылға қарағанда вирус туралы көбірек білеміз", - деді Клюге.

Алайда ол жеке өз болжамын айтып отырғанын нақтылады, себебі пандемияға байланысты жағдай қандай боларын ешкім дөп басып айта алмайды.

"Вирус қалады, бірақ шектеу қажет болмайды деп ойлаймын. Бұл жағымды сценарий", - деді ДДСҰ өкілі.

ДДСҰ Еуропалық өңірлік бюросы басшысы Ханс Клюге. © РИА Новости

ДДСҰ мәліметінше, 22 ақпанда әлемде COVID-19 жұқтырғандардардың тіркелген саны - 110 974 862, оның ішінде 2 460 792 адам қайтыс болған. Ауру жұқтырғандардың ең көбі АҚШ-та, Үндістанда және Бразилияда.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети