30 шілде 2021 17:07

ДДСҰ өкілдері ұзаққа созылатын коронавирус симптомдарын атады

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымына ұзаққа созылатын коронавирустың 200-ден аса симптомы мәлім. Олардың ішінде ең жиі кездесетіні - ентігу, когнитивті дисфункция және шаршау. Бұл туралы ДДСҰ өкілі Джанет Диас айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.

"Коронавирус жұқтырып жазылғаннан кейін жиі кездесетін белгілер немесе сіз айтқандай, COVID-19-ды жұқтырып, ұзақ уақыт ауырғанда адамда ентігу, дисфункция, сондай-ақ шаршау байқалады. Бұл ең көп таралған үш белгі. Алайда іс жүзінде пациенттерде 200-ден аса белгілер тіркелді. Сондықтан тізім өте ұзақ", - деді Диас онлайн бағдарламада.

Ол кейбір мәлімет бойынша бұл белгілер үш-тоғыз айға дейін созылуы мүмкін екенін айтты. Диастың айтуынша, вирус жұқтырып, жазылғаннан кейінгі синдромы бар науқастарға оңалту мамандары, психологтар және әлеуметтік қызметкерлер көмегі қажет.

"Арнайы емдеуге келетін болсақ, ол әлі жоқ. Себебі, нақты зерттеу жоқ. Біз аурудың дамуының нақты себебі немесе механизмі туралы көбірек біле отырып, арнайы ем аламыз деп үміттенеміз", - деп түсіндірді ДДҰ өкілі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети